Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Новость
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Әдеп кодексін түсіндіру бойынша семинар
16.07.2024

Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты Алматы хайуанаттар бағында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахет Мамай Қаниұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері мен Әдеп кодексіне арналған семинар өтті.

Кездесуде Әдеп кодексінің талаптары мен міндеттері түсіндіріліп, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту, адал, әділ әрі ашық болу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің ұстануы тиіс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет етуіне жол бермеу, Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу баптары түсіндірілді.