Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Новость
Алматы хайуанаттар бағына EAZA комиссия мүшелерінің келуі
09.07.2025

Маусым айының басында Алматы хайуанаттар бағы EAZA аккредитациялық комиссиясын қабылдап, Ұлыбритания, Дания, Нидерланд және Швециядан келген сарапшыларды қарсы алды.

Комиссия инфрақұрылымдағы сапалы өзгерістерді, жануарлардың жақсы күйін және сирек түрлерді сақтау бағытындағы халықаралық бағдарламаларда біздің зообақтың маңызды рөлін атап өтті.

«Алматы хайуанаттар бағы — керемет орын, ал Қазақстан — ерекше фаунасы бар, қонақжай ел. 
Алматы хайуанаттар бағының халықаралық қауымдастықтармен серіктестігі жануарларды сақтап қалу бағытындағы ең маңызды жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Nordens Ark зообағының (Швеция) басшысы Матс Хёггрен. 

«Біз жыл сайын еуропалық әріптестерімізді қабылдаймыз. Бұл 
бағалау — бүкіл ұжымның үлесі. Біз өсуімізді және дамуымызды жалғастырамыз»- деп Алматы Хайуанаттар бағының директоры Сейлхан Оразбайұлы Акилбеков атап өтті. 

Ұжымға және серіктестерімізге сенім мен қолдау көрсеткендеріңізге алғыс айтамыз!