Новость
аумақты абаттандыру жұмыстары басталды
13.06.2019

Алматы хайуанаттар бағында аумақты абаттандыру жұмыстары басталды. Жұмыс жоспарында жаяу жүргіншілер аймағына қырланған кеспе тастарды төсеу, асфальт жамылғысын ауыстыру, жиектастарды ауыстыру, жасыл желектердің суару жүйесін жобалау. Сондай-ақ, бұрын көзделмеген доңғалақ жолдары, көлеңке жерлерге орындықтарды орналастыру, аумақты жарықтандыруды жақсарту және құстардың вольерін жақсартуға шолу жасалады.

Жұмыстар демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.