Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Новость
қызметтер үшін тарифтер
21.04.2021

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін кейіннен мерзімді басылымдарда жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                Б. Сағынтаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

Алматы қаласының әкімдігінің

2020 жылғы  «____» __________ № ____

қаулысына қосымша

 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының

«Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері

 

 

Қызмет

атауы

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Тариф мөлшері

Ескертпе

1

 

 

Көру алаңдарын ұсыну (экспозициялық аумақ)

 

1

 

1 күн

 

900 теңге

 

жеті жастан он екі жасқа дейінгі балаларға-300 теңге

 

Ескерту:

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда төменгі тұлғаларға қызметті тегін ұсынады:

 - Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне;

- мүгедектерге;

- денсаулық жағдайы бойынша мүгедекті ертіп жүретін адамға;

- зейнеткерлерге;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері болып табылатын немесе «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға;

- жеті жасқа дейінгі балаларға;

- жетім балаларға және ата-ана қамқорынсыз қалған он сегіз жасқа толмаған балаларға;

- мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге.