Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Новость
Зообағы
07.06.2019

Хайуанаттар бағының жануарлары белгілі бір тәртіп бойынша, яғни адамдар (серуендеу уақыты, тамақтану уақыты, ұйқы, демалыс уақыты және т.б.) сияқты өмір сүреді. Аңдар үнемі белсенді бола алмайды. Келушілер жануардың демалуы кезінде олардың назарын аудуру үшін,  тастарды және бөтелкелерді лақтырады… Біз осындай жағдайларды болдырмау үшін күнделікті күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бірақ хайуанаттар бағының жануарлардың әр вольерін күзетуге мүмкіндігі жоқ, себебі зообақта жануарлардың 400-ге жуық түрі бар.  Алматы хайуанаттар бағы өткен жылдың көктемінде, басқа да көптеген хайуанаттар бақтары сияқты зообақ аумағында еркін қозғалатын кейбір қауіпті емес жануарлар мен құстарды шығару жөніндегі жобаны жүзеге асыруды шешті. Егер де жануарлар адамдармен бірге қатар жүретін болса, әдеттен тыс жағдай болар еді . Бастамасы, тауыстарды шығару болды, бірақ жаздың ортасында келушілердің жануарларды қорқытып, үстіңгі құйрықтарын жұлып тастауы себебінен бұл жоба тоқтатылды. Сондай-ақ 2017 жылы хайуанаттар бағында келушілердің жайлы жағдайлары үшін және жануарларды нақты көру үшін вольер айналасының қоршаулары алынып тасталды. Бірақ келушілер қоршау ішіне кіре бастады. Дуалдар қайтадан көтерілді. Қазіргі таңда, ересектер мен балалардың бассейнге тас лақтыруы салдарынан таңсық жануарлар павильионындағы су бұрқақтарына қоршау орнатқалы отырмыз. Хайуанаттар бағының әкімшілігі барлық келушілерді жануарларды қорғауға шақырады, себебі біз де табиғаттың бір бөлшегі емеспіз бе!