Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Новость
Бөлтіріктердің туылуы
17.06.2025

 

 

Хайуанаттар бағында керемет жаңалық!
Біздің ақ қасқырларымыздың қатары толықты!
 

 

Бірден екі жұп ата-ана атанды:
— Бит есімді аталығы мен Скади есімді аналық ақ қасқырлардың бөлтіріктері 3 мамырда дүниеге келді.
— Ал Сэм мен Бакара жұбында 28 сәуірде туылды. 
Алғашқы күндері қамқор қасқыр аналар өз бөлтіріктерін жасырып жүрді, бірақ қазір олар өз бетімен сыртқа шыға бастады. Ең мұқият келушілер жақын арада қоршаудың ішінен кішкентай зерттеушілерді байқай алуы мүмкін.
Айтпақшы, сіз білесіз бе? Ақ қасқырлардың бөлтіріктері туғанда сұр немесе қоңыр түсті болады — бұл түс оларға көлеңкеде  жасырынып, жыртқыштардан қорғануға көмектеседі. Өскен сайын түстері өзгереді де, олар ата-анасына ұқсап, аппақ болады. Бұл түс оларға қысқы табиғатпен үйлесіп, көзге түспеуге мүмкіндік береді.
 

 

 

Хайуанаттар бағына жиі келіп тұрыңыздар — сонда бөлтіріктердің түсі қалай өзгеретінін өз көздеріңізбен көре аласыздар!