Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 431 бөлме, анықтама телефоны 272-22-08, «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) директордың қаржы мәселелері бойынша орынбасарының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Есенберлин көшесі, 166.
Кәсіпорын қызметінің мәні жануарлар әлеміне қарауды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру, биологиялық әртүрлілігі мен генофондын сақтау, сондай-ақ табиғатты қорғау мақсатында жануарлар әлемінің нысандарын қолдан жасау, қайта жаңғырту және тұрақты пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты жоғары ғылыми және мәдени-ағартушылық маңызы бар отандық және шетелдік фауналардағы жабайы жануарлардың (әсіресе сирек жоғалатын түрлерінің) генофондын жасанды жағдайларда сақтау және қайта жаңғырту, тұрғындарға жануарлардың жабайы түрлер топтамасын кеңінен көрсету, жануарлардың биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, табиғи қорғау іс-әрекеттері дағдысын, зоологиялық мәдениетке және биологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Қаржы-экономикалық» немесе экономика және бизнес саласындағы, мемлекеттік лауазымдар мен ұйымдардағы кемінде 7 жыл жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Азаматтық-құқықтық кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, осы саладағы нормативтік құқықтық актілерді білу, кәсіпорында қаржылық жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру тәртібі, кәсіпорынның меншікті қаражаттын пайдалану, мемлекеттік бюджетке төлемдер есептеу, айналым қаражаттарының нормасы, қаржылық есептеулердің тәртібі мен формалары, қаржылық есеп пен есептілік стандарттары, экономика, еңбекпен басқаруды және өндірісті ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп.
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Әңгімелесудің өткізілетін күні туралы конкурсқа қатысушылар қосымша хабардар етілетін болады.