Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Арыстан
Жануар Қызыл кітапқа енгізілген
Мекені:
Орталық Африка. Шағын бөлігі Гирск орман қорығында (Үндістан) сақталған
Қорегі:
Әр түрлі тұяқтылар

 

 

Қызықты деректер:
  • Арыстандар – барлық мысықтардың ішіндегі ең әлеуметтік жануарлар. Арыстандар прайды 3-10 аналықтан, 2-3 жыныстық жағынан жетілген еркек арыстандардан және бірнеше аландардан тұрады. Қасқырлардың үйірі мен павиан-маймылдардың тобына қарағанда арыстандар өздерінің прайды құрамынан шығып кетіп, қайта қосылып, еркін жүре алады. Арыстандар прайдтың басқа мүшелерімен тығыз қарым-қантынас орнатпайды
  • Арыстандар мысықтұқымдастардың ішінде бір отбасы болып немесе үлкен прайд болып тіршілік ететін ерекше түрге жатады
  • Арыстанның бұлшық еттері аяқтың бүкіл ұзындығы бойымен орналасқан. Сондықтан олар өте жақсы секіреді
  • Дене мөлшері мен салмағына шаққанда, мысық тұқымдастарының ішінде Арыстанның жүрегі кішкентай
  • Арыстандардың көру қабілеті адамға қарағанда 7 есе жақсы
  • Арыстандар өмір бойы өздері туылған прайдта тіршілік етеді. Ал еркектер екі-үш жасқа толғанда прайдтан қуылады
  • Арыстандар өмірдің он екінші аптасында ет жей бастайды
  • Прайдта еркектерге қарағанда ұрғашы арыстандар жиі аң аулайды. Еркек арыстан өзі аң аулауға барғанда, ол олжаны өзі жейді. Ұрғашы арыстандар олжасын прайдпен бөліседі
  • Арыстандар тәулігіне 20 сағат ұйықтайды
  • Ежелгі дәуірде арыстандар байлық пен биліктің символы болған
  • Арыстандардың зообақ жағдайында өмір сүру ұзақтығы 10-15 жыл
  • Африка түнінде Арыстанның айқайы 8 км қашықтыққа дейін естіледі