Салем!
Алматы хайуанаттар бағына
қош келдіңіздер!
Азиалық піл
Қызыл кітапқа енген жануар
Мекені
Мекені
Оңтүстік-Шығыс Азияның ормандарында
Қорегі
Өсімдік тағамдары

Таныс болыңыздар бұл Ару және Лао!

Олар бізге Лаостан әкелінді.

Құрметті достар біздің зообағымыздағы ең үлкен жануарларымызбен танысуға келіңіздер!

 

Қызықты деректер:
  • Әлемде 35-тен 50 мыңға дейін Азия пілдері бар;
  • Жерүсті жануарларының ішіндегі ең үлкен ми – пілдікі.Оның салмағы - 50 келі. Пілдерді жаттықтыруға болады, олар 60 қимыл-әрекетке дейін үйрене алады. Олар өте сезімтал, қайғы-қасіретті сезінеді, мазасызданады, өзге пілдерге көмектесіп, сонымен қатар музыка ырғағымен қимылдап, тұмсығымене сурет салуға икемі бар.
  • Піл – ең қалың терісі бар жануар, кейбір бөлігінде терінің қалыңдығы 3,5-4 сантиметрге жетуі мүмкін;
  • Жаңа туған пілдің баласының салмағы шамамен 120 килограм. Піл төлі соқыр болып туылады, сондықтан ол тұмсығымен анасының құйрығынан орап ұстап, соңынан еріп жүреді.
  • Пілдер бір-бірімен және өздерінен алыста орналасқан басқа табындармен дыбыстар мен аяқты жерге ұру арқылы байланысады
  • Пілдің жүрегінің салмағы 20-30 кг және минутына 30 рет жиілікпен соғылады
  • Пілдің тұмсығы 7,5 литр суды сыйдырып, ұстап тұра алады
  • Әдетте пілдер сағатына 3-4 км жылдамдықпен баяу қозғалады, бірақ қысқа уақытқа олар сағатына 35-40 км жылдамдықпен жүгіре алады.
  • Пілдердің зообақ жағдайында өмір сүру көрсеткіші 75-80 жыл